Олимпиада!

БИОЛОГИЯ

2021 жылдың 28-30 сәуір аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 5B011300 - Биология мамандығы бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан келген 16 командадан ең үздік 32 студент қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды (теориялық және практикалық). Қорытынды бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті атынан қатысқан студенттеріміз Орлова Мария мен Смағұлова Гүлнұр командалық есепте II орынды иеленсе, жеке есепте Орлова Мария I орын иеленді. Команда жетекшісі - б.ғ.к., доцент Сарсенова Бибигуль Балгабайқызы. Қатысушы студенттер арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

ГЕОГРАФИЯ

2021 жылдың 16 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен 5В011600-География мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІІІ Республикалық пән олимпиадасындағы командалық есепте М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті атынан қатынасқан екі команда жүлделі ІІ және 6В01512-География-Тарих ББ студенттері ІІІ орындар иеленді. Сонымен қатар, жекелей есепте ІІІ орынды 4 курс студенті Сансызбай Батырбай иеленді. Командалар жетекшілері: география кафедрасының оқытушылары Мирас Амангелдіұлы Галимов, Ахан Асқарұлы Тургумбаев. Құттықтаймыз!

 

ХИМИЯ

29-30 сауір аралығында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен 5В012200-Химия мамандығынан 13-ші Респубкалық пәндік олимпиада онлайн турде өтті. 5В011200 Химия мамандығының 3 курс студенттері Ақбалеева Динара, Бақытжанова Зарина топтық есепте 3 орын, жекелей Есепте Акбалеева Динара 3 орынга ие болды. Құттықтаймыз!!


Печать