Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған конференция "Ұмытар ма өз елім..."

2020 жылдың қазан айының 6-шы жұлдызында  Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, 1979-1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болған Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толады. Осы айтулы мерекені атап өтуге Жаратылыстану-география факультетінің Биология-33 тобының студенттері де өз үлестерін қосты. Конференцияға қатысушы, қашықтан оқыту жағдайында білім алып жатырған, Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрген студент қауым өкілдері өз облысы, қаласы, ауылының ғаламторы арқылы байланысқа шығып, әркім, әр тұлға Жұбан ағаны қалай еске алатындықтарымен, ақынның жыр жолдары арқылы бір ғасырлық уақыт өткенімен рухани сырласуда шекара болмайтындықтарын да жүрек жарды лебіздері арқылы экран төрінен көрсетіп, жеткізе білді


Печать