''Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі'' атты Жолдауын талқылау

17.09.2020 күні Жаратылыстану-география факультетінің оқытушылары және студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ''Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі '' атты Жолдауын талқылады.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Гулнар Наухановна Жолдауда Президентіміз зияткер ұлт қалыптастыратын 6 қағидатқа тоқталып өтті.

Біріншіден, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.
Үшіншіден, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.
Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік  – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік  – әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.
Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық.
Жолдауда айтылған барлық мәселелер толығымен талқыланды, студенттерге түсіндірілді.


Печать