Қараша айының 24 ші жұлдызында жаратылыстану – география факультеті студенттерінің «Ботаника» үйірмесі мүшелері және үйірме старостасы Г.Смагулованың жетекшілігімен үйірме сабағы өтті. Үйірме мүшелері БГ-11 тобы студенттері Нұрлан, Аяжан, Аружан, Құралай, Замира, Ханшайым, Индира және Гульзина бөлме өсімдіктерін үй жағдайындағы қосымша қоректендірумен, оның маңызы туралы баяндамалар жасап, тәжірибелер көрсетті. Сонымен қатар, бұл шара қаладағы №5 ЖОББМ байланыса отырып, ғылыми- практикалық конференция түрінде өрбіді.