«Алтын Орда астаналары» атты ашық сабақ.

2020 жылдың 26 –шы қараша күні жаратылыстану- география факультетінің география- тарих мамандығының студенттеріне арналған ашық сабақ ұйымдастырылды. Шараның мақсаты- студенттерді Алтын Орданың 750 жылдығына тарихи- мәдени нысандармен таныстыру, ролін түсіндіру, тарихи маңызымен таныстыру. Шараға Сарайшық мемлекеттік тарихи- мәдени музей қорығының аға ғылыми қызметкері , магистр, Қазақ мемлекеттік университеті А.Ж.Жумабаев арнайы шақыртумен қатысты. Сонымен қатар шараға ГТ -21 тобының студенттері Қуан А., Нұрғалиева А., Жалмуханбетова А. жақсы баяндамалар жасап, өлке тарихындағы Алтын Орда астаналарының ерекшелігін анықтады.


Печать