26 қарашада ҚР Президенті шәкіртақы иегерлерінің Ш.Уалихановтың 185 жылдығына орай ұйымдастырған «Шоқан – қазақтың жарық жұлдызы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойында факультетіміздің үш кафедрасы , яғни Биология және География, Химия кафедралары арасында бақ сыналды. Ойын қызықты, әрі көңілді өтті. Жарыста Шоқанның өміріне қайта шолу мақсатында видеолар, түрлі тапсырмалар жасалды. Интеллектуалды ойын соңында биология және экология кафедрасы 1-ші орын, география кафедрасы 2-ші орын, 3-ші орын химия кафедрасы иеленді.