2020 жылдың , 26 қарашасы күні Жаратылыстану- география факультетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы – ел перзенті» атты ашық дәріс өткізілді. Студенттер мен профессорлық- оқытушылар қатысқан ашық дәрісте Жаратылыстану- география факультетінің деканы Тургумбаев Ахан Асқарович «Елбасы- ел перзенті», Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Шайхиев Тұрар Төлегенович - «Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы Елбасы ролі» және география ғылымдарының кандидаты, доцент, Рамазанов Серік Кішібекович «Қазақтың дана кемеңгер ұлы» тақырыбында баяндамалар оқылды. Дәріс соңында ҚР Президент шәкіртақы иегері Өтелгенова Жұлдыз, В. Иванов атындағы шәкіртақы иегері- Пазылова Гүлайым және биология мамандығының 3- ші курс студенті Смагулова Гульнур мен биология- география мамандығы 1 курс студенті Қосанов Нұрлан сөз сөйлеп, өздерінің өміріндегі тәуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы болатындығына сенетіндігін айтты.