2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде химия кафедрасында жүргізілген тәрбие жұмысының есебі
2018-2019 оқу жылында химия кафедрасының оқытушылары «Химия», «Бейорганикалық қосылыстардың химиялық технологиясы», «Органикалық қосылыстардың химиялық технологиясы» мамандықтарының Х-11, 12, 13, ХТОВ-11,12, Хим-11, Х-англ-1, Х – 21, 22, 23, ХТОВ-21, ХТНВ-21, Х-31,33, 32, ХТОВ-31, Х-41,42, Х/п-43, ХТОВ-41, ХТНВ-41, ХТОВ-42, ХТОВ/п-43, Х/у-44 топ кураторларының міндетін атқарады.
Топ кураторлары:
Х-11, 12 – топтарының кураторы Құмарова Н.Ж.
Хим-11, ХТОВ-11,12, ХТНВ-11, Х-англ 1 – топтарының кураторы Ержанова Н.С.
Х-21,23, Хим-21, ХТОВ-21, ХТНВ-21 топтарының кураторы Кусаинова Б.М.
Х-англ2, Х-22 - топтарының кураторы Мизанова И.В.
Х-31,32, Х-41, Х/п-43 – топтарының кураторы Утепкалиева Г.И.
Х-33, ХТОВ-31 - топтарының кураторы Нурмаукашева А.Д.
ХТОВ-41,42, ХТОВ/п-43, ХТНВ-41 топтарының кураторы Р.Н Кубашева
2018/2019 оқу жылының басынан топтарда жоспар жасалып, топта өткізілетін тәрбие жұмыстары белгіленіп, жауапты кураторлар нақтыланды.
Қыркүйектің басында барлық кураторлар мамандық алдындағы міндетті жүктеу, сапалы мамандандыру мақсатында білім күніне арналған сағаттар өткізді.
Кураторлық сағаттарда барлық топ студенттері БҚМУ-студенттерінің Ар-намыс кодексімен, жастар саясаты, өзін-өзі басқару бөлімі, студенттік деканат мүшелерімен, олардың атқаратын қызметтерімен таныстырылды. Кураторлардың барлығы да жыл басынды құрастырылып бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда.
Әр куратор өздері жауапты жұмыстарды жүргізіп, хаттамаларды жазылып, тапсырып отырады.
2018-2019 оқу жылында «Химия» мамандығы топтарында төмендегідей бағыттарда тәрбие жұмыстары жүргізілді:
І. Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру жөнінде іс-шаралар өткізу
Білім күніне қатысып, 1 курс студенттерін оқу ғимаратарымен, кафедра ұжымымен таныстырып, кредиттік оқу жүйесін игеру, заңдылықтарын түсіндіру мақсатында кредиттік оқыту жүйесінің ережелерімен таныстырып топ жиналысын өткізілді.
Барлық 1 курс студенттері БҚМУ саясатымен, студенттің ар кодексімен таныстырылды. Студенттердің ғылымға деген, пәнге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыруда «Менделеев мұрасы» үйірмесіне студенттердің белсене қатыстырылу айтылды. Барлық 1 курс студенттерін университетіміздің мәдени, рухани тәрбие беру, университетіміздің тарихымен танысу мақсатында БҚМУ тарихи мұражайына саяхат жасады.
Қазан айының басында Орал қаласының мұражайларына, театрға, кинотеатрға баруды ұйымдастылды. Шара нәтижесінде мәдени, рухани тәрбие беру. Қаламыздың тарихымен, табиғатымен танысып, өз өлкеміздің байлығымен танысу. Тәрбиелік шараның мақсаты Қаламыздың тарихымен, табиғатымен танысып, өз өлкеміздің байлығымен танысып қайтты.
Қараша айының соңғы аптасында «Елбасы-кемеңгер көшбасшы» Қазақстан Республикасы тұңғыш президент күніне арналған шара өткізілді. Шараның мақсаты студенттерді бойында патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақ тіліне деген құрметін ұлғайту, Елбасы туралы мәліметтермен таныстыра отырып, ұлы тұлғалар өмірін үлгі ету, мақтаныш сезімін ояту, қазағымыздың қанатты, көнерген сөздерін сақтау, Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру болды.
Қараша айының соңғы аптасында «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған шара өткізілді. Шараның мақсаты студенттерді бойында патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақ тіліне деген құрметін ұлғайту, қазағымыздың қанатты, көнерген сөздерін сақтау, Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Студенттердің отансүйгіштік қасиетін арттыру мақсатында «Тәуелсіздік кіндігін кескен- халық бірлігі»атты факультет ішілік кеш оздырылды. Кеште ақынның тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды. 16-желтоқсанда болған оқиғадан үзінді театрландырылған көрініс көрсетілді.
Желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 27 – жылдығына арналған «Мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының қазақстандық жолы: нәтижелер, жетістіктер, болашағы» Студенттерді Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту болды. студенттер өздерінің дайындаған өлеңдерін, баяндамаларын оқыды. Топ кураторы Н.С.Ержанованың және А.Д.Нурмукашеваның жұмыс есебі алынып, хаттамалары толтырылды.
2 курстар бойынша 25 қыркүйек күні Х-21, Х-22, Хим/п-21 және Х/п-23топтарының «Жас химиктер» үйірмесіне студенттердің белсене қатысып, өздерінің білімін шыңдай түсті.
Қыркүйек айында студенттерді қазақ тіліне деген құрметін ұлғайту мақсатында «тіл», «Отан» құндылықтары туралы үсініктерді кеңейту, Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ана тіліне деген құштарлықты арттыру, ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Тілім - менің тірегім» өткізілді.
Қазан айының басында ұстаздың адам өміріндегіалатын орыны зор екендігін, ұстаздарды сыйлау, құрметтеу және қадірін қасиеттерін студенттердің бойына дамыту әрі дарыту мақсатында ұстаздар күніне арналған «Ұстаздың ұлы келбеті» тақырыбында кураторлық сағат өткізіліп, сонымен қатар «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында факультет ішілік мерекелелік іс-шараға топ студенттері қатынасуымен жоғары деңгейде өткізілді.
Қараша айының соңғы аптасында «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған шара өткізілді. Шараның мақсаты студенттерді бойында патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақ тіліне деген құрметін ұлғайту, қазағымыздың қанатты, көнерген сөздерін сақтау, Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Студенттердің отансүйгіштік қасиетін арттыру мақсатында «Тәуелсіздік кіндігін кескен- халық бірлігі»атты факультет ішілік кеш оздырылды. Кеште ақынның тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды. 16-желтоқсанда болған оқиғадан үзінді театрландырылған көрініс көрсетілді. Желтоқсан айында Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята отырып, Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Желтоқсан-ерлік тарихымыз» атты кураторлық сағатқа топ студенттері толығымен қатысып, слайд дайындап, деректі фильмдер көрсетіліп, студенттер үлкен әсер алды.
Топ кураторы Б.М.Кусаинованың, Р.Н.Кубашеваның жұмыс есебі алынып, хаттамалары толтырылды.
3 курстар бойынша 27 қыркүйекте «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты мерекелік шара өткізілді. Топ студенттерін қазақ тіліне деген құрметін ұлғайту мақсатында факультет ішілік жар газетін шығарып және тіл мерекесіне арналған шараға белсене қатысқанын байқауға болады.
4 қазанда «Ұстаз-ұлы тұлға» деген Ұстаздар күніне арналған факультет ішілік мерекелелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Студенттердің көбісі белсенді қатысып ұстаздарға деген шын ықыласты жүрек жарды тілектерін жеткізе білді.
12 желтоқсан «Тәуелсіздік ең қымбат қазынамыз» атты тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағатта студенттерді Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята отырып, Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру мақсатында өткізіліп отырған кураторлық сағатқа студенттердің толығымен қатысуын қамтамасыз ете отырып, Қошан Гульдана мен Кульниязова Алтынгуль «Ел тәуелсіздігі» атты баяндамаларын оқып, «Лаула.Лаула Желтоқсанның алауы» атты өлең жолдары мен студенттер «Желтоқсан желі-ызғарлы» атты ән айтып, бір сәт желтоқсан құрбандарын еске алу сәті өтті. Топ кураторы М.М.Мукашеваның жұмыс есебі алынып, хаттамалары толтырылды.
4 курстар бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты топішілік шара өткізілді.Осы шараның негізгі мақсаты студенттерді өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу, елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру болып табылады.
8.12.2018 - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған Х-31, Х-41 студенттердің отансүйгіштік қасиетін арттыру мақсатында «Тәуелсіздік кіндігін кескен- халық бірлігі»атты факультет ішілік кеш оздырылды. Кеште ақындардың тәуелсіздік туралы өлеңдері оқылып, ән шырқалды. 16-желтоқсанда болған оқиғадан үзінді дөңгелек үстел ретінде көрініс көрсетілді. Топ кураторы Г.И.Утепкаклиеваның жұмыс есебі алынып, хаттамалары толтырылды.
ІІ. Тәрбие жұмысын ақпараттық – аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз ету, оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми жұмыстарға қатысу деңгейін арттыру.
Қыркүйек айының ортасында «Жас химиктер» үйірмесіне қатысатын студенттерді іріктеп алынды. Мақсаты: студенттердің ғылымға деген, пәнге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру. «Менделеев мұрасы» атты үйірме оқытушы, магистр Б.М.Кусаинованың жетекшілігімен «Химия әлеміне саяхат» атты кеш ұйымдастырылды. Кеш өте жоғары дәрежеде өткізілді. Студенттерді, ғылыми ізденістерге, жобаларға, конференцияларға қатысуға бағыттау мақсатында өткізілген кураторлық сағатқа студенттердің 100 % қатысуын қадағалау. Кураторлық сағаттың хаттамасы мен 2018-2019 оқу жылында республика және халықаралық деңгейде өтетін конференциялар мен олимпиадалар тізімі мен таныстырды.
Қазан айында - бірге Орал қаласының мұражайларына, театрға, кинотеатрға баруды ұйымдастырылды.
Қараша айының ортасында «Менделеев мұрасы» үйірмесіне қатысатын студенттерді іріктеп алынды. Мақсаты: студенттердің ғылымға деген, пәнге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру. Үйірме жетекшісі оқытушы, магистр Б.М.Кусаинованың жетекшілігімен студенттер күніне орай «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, топ студенттері белсенділік көрсетті. Зияткерлік ойын нәтижесінде жүлделі орындарға арнайы кубоктар мене дипломдар ұсынылды. Кеш өте жоғары дәрежеде өткізілді. 1,2 курс студенттері кураторларының хаттамалары алынды.
19 –желтоқсан 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған II Гранд бал өткізілді.Бұл бал биыл классикалық жанрда,сонымен қоса былтырғы жылмен салыстырғанда жеті түрлі биді орындады.Осы балға 01401 топ студенті Кожагулов Меирбек белсене қатысып,әнге деген,биге деген құштарлығын арттырды. Кураторы: Есеева Г.Б. Хаттамалары жазылды, тапсырылды.
ІІІ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Спорт үйірмелеріне, жарыстарына және дене шынықтыру сабақтарына белсенді қатысуына көңіл бөлу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында студенттерді университет, қала, облыс және республика көлемінде ұйымдастырылатын спорттық шараларға қатысуларын жыл бойына қадағаланады.
14 қыркүйекте «Біз-салауатты өмір салтын қолдаймыз» факультет ішілік шараны салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде «Агробиостанция» демалыс алаңына студенттер барып және әртүрлі эстафеталық ойындарға қатысуын қамтамасыз етті. Оны жоғары курстың белсенді студенттері жоғары түрде қадағалап жүрді. Дипломмен марапатталған студенттердің тізімі мен «Өркен» газетіне өткізілген табиғат серуені туралы мақала жариялап, қорытындыладық.
1 желтоқсан – Бүкілдүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай «Ғасыр дерті жайында не білеміз?» атты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстелі өтті. Шараға ЖИТС орталығының дәрігері және 1-4 курс студенттері қатысты. Шара барысында топ старостасы «Ғасыр дерті» атты хабарламасымен таныстырып, слайд шоу арқылы мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген газет-журналдар мен видеороликтерді студенттер назарына ұсынылды.
Дөңгелек үстелге қатысқан студенттерге ЖҚТБ-дан сақтану жолдарын түсіндіру мақсатында шығарылған ақпараттық бүктемелер таратылды.Осы шараның мақсаты студенттерді салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты ұғындыру.
ІV. Студенттер мен оқытушылар құрамының әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету
Қазан айында барлық кураторлар топ студенттерінің уақытында медициналық тексеруден өтуін қадағалады.
Топ кураторлары студенттердің әлеуметтік жағдайларын қадағалау мақсатында жатақханаға барып, студенттердің тұрмысымен танысып, жатақханадағы жағдайын тексеріліп тұрды.
V. Жас таланттарды дамыту және қолдау
Студенттері факультет аралық ұйымдастырылатын мерекелік шараларға белсенді түрде қатысып отырды.
14.10.2018. Топ кураторы Есеева Г.Б. мен Сейфуллина Б.С. және 4-ші курс топ студенттері бірінші курс студенттерін химиктер қатарына қабылдап, студенттік өмірдің қыр-сырымен таныстыру бағытында дәстүрлі іс-шара «Болашаққа алғашқы қадам» атты кеші ұйымдастырылып өткізілді. Кеш өте тартымды ұйымдасқан түрде өтіп, өз мақсатына жетті.
VІ. Жас мамандарды оқу кезінде тағылымдамадан өткізуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Студенттердің барлығы еңбекке баулу, қаламыздың көркеюіне, таза болуына ат салысу мақсатында факультетте ұйымдастырылған сенбілік шараларына белсенді қатыстырылады. Қыркүйек айында «Таза қала» атты сенбілік шараларына қатысты.
Кафедрада түлектерді мамандыққа бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Топ студенттері өз туған жеріндегі мектептерге университетіміздің мүмкіншіліктері туралы айтып, мамандықтармен таныстыру мақсатында брошюлар үйлестіруге таратылды. І-ІV курс студенттері мен қала, аудан мектептері ақпараттық насихаттау жұмысы қадағалануда
VІІ. Оқытушылар құрамы мен студенттер арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және рухани тәрбие беру жөнінде іс-шаралар өткізу
Топтарда студенттер мен оқытушылар арасында өзара сыйластық, түсінушілік, бір-бірінің ар-ожданын қадірлеу туралы әңгімелер өткізіліп тұрады.
28.10.2018 ж. «Дінге артылса сенімің, имандылық болар серігің» тақырыбына 1 студенттерімен топ кураторлары Н.С.Ержанова, Құмарова Н.Ж., басшылығымен кураторлық сағат өткізілді. Хаттамалар тапсырылды. Студенттерге экстремизм туралы түсінік берілді. Діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында ақпараттар берілді.
Химия кафедрасының оқытушы, магистр
тәрбие жұмысына жауапты: Б.М.Кусаинова