Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М. Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Міне осы бағытта ұлттық құндылығымызды дәріптеу, жастарымыздың сана сезімін оятып, олардың арасында кең насихаттау мақсатында жаратылыстану-география факультетінде шаралар топтамасы ұйымдастырылды. Шараның ашылуына университет басқарма төрағасы-ректоры Н.Х. Серғалиев қатынасып, студент жастарымызға батасын берді. Шарада ұлттық киіз үйдің мағынасын көрсетіп, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүру бағытында жоғарыға киізүй шаңырағы көтерілді. Білімді жастарымыз көп болсын!