Мен, БГ-21 тобының студенті Мендикулова Әсел Бекботқызы, 2023 жылы өткен академиялық ұтқырлық бағдарламасына үміткер болып, шетелге оқуға грант бөлінетін конкурсты жеңіп шыққан болатынмын. Бала кезден бергі армандарымның бірі шетелге, әсіресе Еуропалық одақтың ішіне кіретін, дамыған Польша елінде білім алып,оқу болды. Сондықтанда мемлекет тарапынан осындай мүмкіндік бөлінгенде, бірден конкурсқа қатысуға жөн көрдім. 2023 жылдың, 29 қыркүйегінде Польша елі, Быдгощ қаласына Махамбет Өтемісов университетінің 8 студентімен келген болатынмын. Бұл біздің Быдгощ қаласындағы ең бірінші кезіміз болғандықтан, Ұлы Казимир университетінің халықаралық студенттерге жауап беретін бөлімі, бізді қарсылауға өз студенттерін жіберіп, әрқайсымызға университет жағдайын, Быдгощ қаласын білетін студенттерді бөліп берген болатын. Олар алдағы уақытта, туындап қалған әрбір мәселелерімізді шешіп беруге көмектесіп, демалыс күндерді бірге өткізуге қуана келісетін. Осы көмекшілеріміз арқылы, біз Польша елін жан жақты танып, өзара ақпарат алмасқан болатынбыз. Ұлы Казимир университеті Еуропадағы дамыған, беделді университеттерінің бірі болғандықтан, олардың бізге берген білімдері құнды әрі, жаңа заманда өзектілігі бар деп білемін. Өйткені, профессорлар мен оқутышылар әрбір дәрісті, семинарларды бар ынтасымен түсіндіріп, түрлі методикаларды пайдаланып, студенттермен бірлесе жұмыс жасаған болатын. Мен үшін осындай ақпарат алмасу формасы жаңаша әрі қызықты түрде өтті.
Жалпы, сабақтан тыс университет студенттерін күзгі, қысқы және жаңа жылға орай болатын демалыстарға жібереді. Бұл демалыстардың мерзімі 1 немесе 2 аптаға жетуі мүмкін. Сондықтан да, біз осындай мүмкіншілдіктерді пайдаланып Еуропаның өзге мемлекеттерін саяхаттаған болатынбыз. Австрия, Италия, Франция,Чехия, Голландия, Венгрия, Германия секілді елдерге шығып, демалыс күндерімізді тамаша өткіздік. Осы елдер экономика, мәдениет, архитектура, саяси жағынан Еуропаның ең дамыған мемлекеттері болғандықтан, мен үшін бұл үлкен әсермен, ұмытылмас естеліктерге толы сәттерге айналған саяхат. Әрбір ел өзіндік тарихи және мәдени аспектілерімен ерекшелінетіндіктен, салт-дәстүрлерін, тілдесу стильдерін көрген болатынбыз. Сонымен қатар, біз өзге шетелдік студенттермен танысып, пікір алмасып кейбір қалаларды саяхаттаған кезде бірге шыққан кездерімізде болды. Шетелдік студенттермен, профессорлармен тек ағылшын тілінде сөйлестік, сондықтанда ағылшын тілнің деңгейі жоғары болу керек деп ойлаймын. Ағылшын тіл халықаралық тіл болғандықтан, көптеген Еуропалық тұрғындармен сұхбаттасқанда өзімізді еркін сезіндік деп айта аламын. Греция, Түркия, Италия секілді елдерден жаңа достар тауып алып, бір бірімізбен жақсы араласқан болатынбыз. Қиындық туынған сәттерде қол ұшын созып, уақытты да бірге өткіздік.
Қорытылай келе, бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасы маған үлкен мүмкіндіктер әлемін ашып берді. Өзге елдерді көріп, тамаша сәттерді басымнан кешіргендіктен, саяхаттаумыз арқылы кейбір дүниелерге көзқарастарым өзгеріп, жаңа тұлғаға айналғандаймын. Бұл бағдарлама маған жаңа білім мен ақпараттарды сыйлап, ой өрісімді кеңейткен болатын. Сондықтан да, алдағы уақытта да осындай мүмкіндіктердің Қазақстанда дами бергенің шын жүректен қалаймын. Өйткені, өзге елдермен жақсы байланыс орнатып, білім алмасу мемлекетіміз үшін тек оң әсерін тигізетіні сөссіз ақиқат.