«Зоологиялық мұражай, оның қалыптасу тарихы»

Мақсаты: білім алушыларды зоололгиялық мұражай оның қалыптасу тарихы, дамуы және Жаратылыстану-география факультеті, биология және экология кафедрасының зоология мұражайын ұйымдастыру тарихы, білім беру-ағарту, ғылыми-ізденіс, оқу-тәрбие жұмыстарындағы маңызымен таныстыру.

 Қатысушылар: Б-11,1 топ студенттері, Орал қаласы  №41 мектеп-лицей оқушылары, факультет деканының орынбасары Әсемгүл Қайратовна, каф.меңгерушісі Римма Жамбуловна, Польша, Ұлы Казимир атындағы университеті б.ғ.д., профессор С.Качмарек және кафедра оқытушылары.

МБ-21 топ магистранты Шербалиева Диана

                                                          Жетекші: аға оқытушы Қ.Б.Булатова

 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  университеті мұражайының бөлімі  зоологиялық мұражай 1939 ж.  ұйымдастырылған. Оның негізін қалаған кафедра меңгерушісі жаратылыстану ғылымдарының кандидаты, орнитолог Арнольд Штамм.    

1951-1968 жж. кафедра меңгерушісі қызметін атқарған б. ғ. к., Қаз СРО оқу ісінің үздігі Авдей Алексеевич Цыганков мұражайдың дамуына, материалды-техникалық базасын қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірген.

Мұражай көрме шкафтарымен қамтылып, экспонаттар жүйемен орналастырылды. Құстар, сүтқоректілер  экспонаттары толықты, систематикалық бөліммен қатар омыртқалылардың қаңқалары, кейбір теңіз жануарларының коллекциялары жиналды.

Құстар бөлімі

Құстардың 78 түрi Қазақcтан аймағында, 33  шет аймақтардан (ТМД елдері), 10 түрi Қазақcтанның Қызыл кiтабына eнгeн түрлeр бoлып табылады: Кезқұйрықты субүркіт (Haliaeetus leucoryphus Pall), Қарабай (Plegadis falcinellus  L),  Кіші аққұтан (Egretta garzetta L), Қарабауыр  бұлдырық (Prerocles orientalis L) т.б

Сүтқоректілер бөлімі

Көрме залындағы сүтқоректілердің 30 тұлыбы орналасқан, олар 29 түрден тұрады. Оның  21 түрi Қазақcтан аймағында, 2 түр шет аймақтардан әкелінген, 6 түрi Қазақcтанның Қызыл кiтабына eнгeн (БҚО-4, Қазақстанда-2): Тас сусары (Master foina Erxleben), Орман сусары (Martes martes  L), Алып көртышқан (Spalax giganteus Nehring ), Жұпартышқан (Desmana moschata L), Қарақұйрық (Gazella subgutturosa Guldenstaedt ), Арқар (Ovis ammon  L ).

Білім алушыларға, бұқара халыққа экoлoгиялық бiлiм мeн тәpбиe бepудe зooлoгиялық caябaқтap мeн зooлoгиялық мұpaжaйлap aлдыңғы opындa. Олардың тaбиғaтқа қызығушылығын apттыpaды, туғaн өлкe жaнуapлap әлeмi туралы дүниeтaнымын кeңeйтeдi. Қaзaқcтaнның Қызыл кiтaбынa eнгeн жәнe cиpeк жoйылып кeту қaуiпiндегі  жaнуapлap түpлepiмeн,  оларды қорғау, сақтау жолдарымен тaныcтыpaды.

Мұpaжaйдa  caбaқтap, кoнфepeнциялap, ғылыми-әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, үйірме отырыстары,  университеттің ардагер ұстаздарымен және факультет түлектерімен  кездесулер, кураторлық сағаттар,  мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру мақсатында aшық eciк күнi т.б. шаралар өткiзу дәcтүpгe aйнaлғaн.

Н.Боранбайқызының баяндама мәлімдеу сәті

 Д.А.Шербалиеваның баяндама мәлімдеу сәті

Орал қаласы  №41 мектеп-лицей оқушыларының ой-пікірлерін білдіру  сәті

С.Качмарек мырза зоология мұражайының құрылымы, оқу-тәрбие, ғылыми-ізденіс, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, табиғатқа  қызығушылығын арттыру, қорғау және сақтау бағыттарындағы іс-әрекеттерді жоғары бағалап, ризашылығын білдіру сәті

С.Качмарек мырза оқушылармен пікірлесу сәті

С.Качмарек мырза, кафедра оқытушылары, магистранттар мен оқушылар

Қ.Б.Булатованың оқушыларды факультетпен таныстыруынан көрініс


Печать