Есеп кәсіби бағдар география каф. 2018-2019 жылдык

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

2018 – 2019 оқу жылы бойынша география кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық есебі

География кафедрасы мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жоспарға сай жүргізілуде.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету, сонымен қатар, география пәні арқылы туған жердің қызықты, керемет жерлерімен таныстыру.

Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кафедра отырысы жүргізіліп, 2018-2019 оқу жылына арналған кәсіби-бағдар беру жұмыс жоспары, филиалдармен жұмыс жүргізу жоспары, қала және аудан жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баратын оқытушылар тізімі бекітіліп, жексенбілік мектеп кестесі жасақталды.

Жазғы кәсіби бағдар беру жұмысының қорытындысы ретінде 5В01160—География мен 5В060900-География мамандықтарына және 2018-2019 оқу жылында жаңадан ашылған 5В012900 География-тарих мамандығына 3 студент ақылы негізде күндізгі бөлімге және 8 студент сырттай бөлімге, барлығы 52 түлек оқуға түсіп, студент қатарына қабылданды. Күндізгі бөлім студенттерінің ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 35 студент-80% , 9 студент - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша 20% құрайды, оның 14 студенті -32% қала мектептері, 30 студент - 68% ауыл мектептерінің үлесіне тиесілі.

2018 жылдың 2 қазан айында №20 мектеп оқушыларымен жаратылыстану-география факультеті 22 аудиториясында география ғылымының кандидаты, доцент Т.А. Терещенкомен кездесу ұйымдастырылып, кейін кафедраның аға оқытушысы Д.Ж.Искалиев метеорология және топография курстары бойынша далалық практикада қолданылатын заманауи құрылғылар құрылысы, жұмыс істеу реттілігімен таныстырды.

2018 жылдың қараша айының 1 жұлдызында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экологиясы орталығында облыстық білім беру басқармасының қолдауымен облыстық оқушылар арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде оқушылар арасында өткізілген «Жайық-Урал 2018» туристік-экологиялық экспедиция отрядтарының облыстық слеті ұйымдастырылып, осы шараға география кафедрасының магистр оқытушылары Д.Ж.Искалиев, А.М.Жомартова қазылар алқасы ретінде қатынасты. Қатысушы оқушылар «Жайық-Урал», «Орал өңірінің кіші өзендері» бойынша баяндамалар жасады. Аталмыш шара аясында география кафедрасының геология мұражайына, жалпы факультет туралы қатысушыларға таныстыру жұмыстары жүргізілген болатын. Слетке Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Казталов, Тасқала, Теректі аудандарынан 31 оқушы қатынасты.

География кафедрасының оқытушлары Г.Ж.Абдушева мен Н.С.Жармағанбетова бекітілген Орал қалалық №1 мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырып, биылғы жылғы оқуға қабылдау және ҰБТ тапсыруда енгізілген жаңа өзгерістермен таныстырып, университет және география мамандықтары жөнінде кеңес жүргізіп, жексенбілік мектеп туралы айтып ақпараттар берді.

 

Кафедра оқытушылары Г.Ж.Абдушева мен Н.С.Жармаганбетова Орал қаласының №1 ЖОББМ оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізу сәті

География кафедрасының қала және аудан жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығымен бірлесіп жасақталған кесте бойынша 2019 жылдың қаңтар айының 16-18 күндері Бөрлі ауданының ЖОББМ бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар және кеңес беру мақсатында кафедраның аға оқытушысы Д.Ж. Искалиев іс сапарға барып келді. Сонымен қатар жаратылыстану география факультетінің химия кафедрасының оқытушысы А.М.Чулакова 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Тасқала ауданына, биология кафедрасының оқытушысы М.Т.Берлигужин 04-08 ақпан аралығында Сырым ауданына факультет атынан іс сапарда болды. Жоспарға сәйкес, 30 каңтар күні география кафедрасының аға оқытушысы Ходжанова Б.Х кәсіби бағдар беру мақсатында Орал қаласының №47 ЖОББМ оқушыларына жүргізіп қайтты. 01 ақпан күні Орал қаласының №48 мектеп базасында «Мамандар жәрмеңкесі» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған шараға кафедра оқытушысы Н.С.Жармағанбетова қатысып, БҚМУ мамандықтары бойынша ақпараттар беріліп, БҚМУ мамандықтарын таңдаған оқушылар тізімі жасақталды.

2019 жылдың 22 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлкеттік университетінде қала мектептерінің бітіруші түлектеріне «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ашық есік күніне кафедрадан жауапты кафедра меңгерушісі Галимов М.А., оқытушылар Абдушева Г.Ж., Искалиев Д.Ж., Жомартова А.М. тағайындалды. «Ашық есік» күні шарасының мақсаты: мектеп бітіруші түлектерге университеттің мамандықтарымен толық ақпарат беріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.Шакырылған мектеп бітіруші түлектер бағдарламаға сәйкес іс шараларға белсене қатыснасты. «Ашық есік» күні аясында университеттің өнерпаз суденттерінің дайындаған мерекелік концертінен кейін, әр түлек өзінің таңдау пәндері бойынша кафедраларға жолданды.

Шара аясында факультетте ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысушы түлектер жаратылыстану география факультеті тарихы мен құрылымымен таныстырылып, кафедралар бойынша экскурсиялар жүргізілді. География кафедрасы «Ашық есік» күнінде жоспарланған бағдарлама бойынша Орал қаласының №25 ЖОББМ түлегі Каримжанова Дианаға кафедра меңгерушісі Галимов М.А. стенд көрсету арқылы география кафедрасының тарихы мен бүгінгі күні білім берудегі бағдарлама ерекшелігімен таныстырды. Кафедраның аға оқытушысы Искалиев Д.Ж. география білім беру бағдарламасы бойынша қазіргі талапқа сәйкес географиялық зерттеуге арналған құрал жабдықтардың презентациясын дайындап өткізіп, Д.Каримжанованың құралдармен танысып жұмыс жасап көруіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар кафедра оқытушысы Жомартова А.М. кафедра студенттерінің алыс сараман барысында дайындаған фото альбом суреттерін көрсетіп, қызықты сәттерді әңгімелеп берді. Д.Каримжанова алған әсерін айтып, БҚМУ-нің география мамандығына оқуға түсетініне ниет білдірді. «Ашық есік» күні жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі өтетін шара. Бұл шара мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда үлкен көмек береді.

 

2019 жылдың 26 ақпан күні география кафедрасының оқытушысы Жомартова А.М. кәсіби бағдар беру мақсатында Орал қаласының №23 ЖОББМ оқушыларына жүргізіп қайтты. Үгіт насихат жұмысы барсында оқушылар Короткова Е.Д. және Давлетова Ж.Е. БҚМУ мамандықтарын таңдағанын айтты.

28 ақпан күні Подстепное қазақ ЖОБММ «Бейсенбілік кездесу», «Даналық бейсенбілігі» тақырыбындағы 10-11 сыныптарымен кездесуге кафедраның аға оқытушысы Ходжанова Б.Х барып, БҚМУ мамандықтары жөнінде ақпараттар берді.

География кафедрасы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары оқу жылының 2-ші жарты жылдығында да жоспарға сәйкес жалғастырылды.

13 наурыз күні кафедраның аға оқытушысы Б.Х.Ходжанова №43 ЖООБМ, 15 наурыз аға оқытушы Г.Ж.Абдушева №27 ЖОББМ бітіруші түлектерге мамандықтар бойынша ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сауалнама барысында 2 оқушы Камунова Д, Ниетова К М.Өтемісов атындағы БҚМУ таңдағаны анықталды.

29 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы аудандары ЖОББМ бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. География кафедрасы оқытушылары «Ашық есік» күніне қатысушы түлектерге жаратылыстану география факультеті тарихы мен құрылымымен таныстырылды. «Ашық есік» күніне жоспарланған бағдарлама бойынша Казталов, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарынан келген география мамандығын таңдаған 6 оқушыға кафедра меңгерушісі Галимов М.А. стенд көрсету арқылы география кафедрасының тарихы мен бүгінгі күні білім берудегі бағдарлама ерекшелігімен таныстырды. Кафедраның аға оқытушысы Искалиев Д.Ж. география білім беру бағдарламасы бойынша қазіргі талапқа сәйкес географиялық зерттеуге арналған құрал жабдықтардың презентациясын дайындап өткізіп, оқушылардың құралдармен танысып жұмыс жасап көруіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар кафедра оқытушысы Жомартова А.М. кафедра студенттерінің алыс сараман барысында дайындаған фото альбом суреттерін көрсетіп, қызықты сәттерді әңгімелеп берді. Қуан Ақмарал мен Даутова Айнагүл бейімдік пәндері география+тарих таңдалып, география-тарих мамандығына, Басимова Назерке мен Асанова Гүлнұр бейімдік пәндері география+биология таңдалып, география мамандығына, Мурсенова Зәмзагүл мен Исагулова Алима бейімдік пәндері география+математика таңдалып, ғылыми география мамандығына оқуға түсуге ниет білдірді.

20 мамыр күні кафедра оқытушылары Н.С.Жармағанбетова №1 ЖОББМ, Абдушева Г.Ж. №43 ЖОББМ, Ходжанова Б.Х. №47 ЖОББМ бітіруші түлектеріне үгіт наисихат материалдарын таратып және мамандықтар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. №1 ЖОББМ бойынша 11 түлек, №43 ЖОББМ бойынша 4түлек, № 47 ЖОББМ бойынша 2 түлек М. Өтемісов атындағы БҚМУ таңдап отыр.

 

Кафедра оқытушылары Г.Ж.Абдушева мен Н.С.Жармаганбетова Орал қаласының №1 және №43 ЖОББМ түлектеріне түсіндірме жұмысын жүргізу сәті

География кафедрасы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары келесі оқу жылында жалғастырылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

2018 – 2019 оқу жылы бойынша география кафедрасының

филиалдары жұмысының жылдық есебі

Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кафедра отырысы жүргізіліп, 2018-2019 оқу жылына арналған кафедра филиалдармен жұмыс жүргізу жоспары бекітіліп, қала және аудан жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баратын оқытушылар тізімі жасақталды.

География кафедрасына қарасты филиалдар №1қалалық ЖОББМ және Ақжайық ауданы №1ЖОББМ (Чапаев ауылы), Зеленов ауданы Кушум ЖОББМ (Кушум ауылы) аудандық мектептердің базасы негізінде орналасқан.

Кафедра филиалы Орал қалалық №1 ЖОББМ –не кәсіби бағдар және үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында оқытушылар Г.Ж.Абдушева және Н.С.Жармағанбетова барып, БҚМУ мамандықтары бойынша ақпараттар беріп, «Жексенбілік мектеп» өткізілетіні туралы хабарлама жасап, өткізілу кестесін берді. Бірақ өз еркімен тіркелген оқушылар болмады.

Ақжайық ауданы №1ЖОББМ (Чапаев ауылы), Зеленов ауданы Кушум ЖОББМ (Кушум ауылы) аудандық мектептеріне іс сапардың ұйымдастырылмауына байланысты кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілген жоқ.

География кафедрасының кәсіби бағдар

беру жұмысына жауапты оқытушы: Г.Ж.Абдушева.

География кафедрасының меңгерушісі: М.А.Галимов.


Print