Махамбет Университеті жаратылыстану-география факультеті мен Орал қаласының білім беру бөлімі «Оқушылар сарайы» МКҚК арасындағы меморандумның табысты жеңістері. Жаратылыстану-география факультетінің профессор-оқытушылар құрамы «Оқушылар сарайының» білімалушыларымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жатыр. Соның бірі, Тараз қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Оқушылар сарайының» «Green lab» үйірмесінің мүшесі Канапия Камила жүлделі 3-ші орынды иеленді, жетекшісі аға оқытушы Ж.С. Кажымуратова. Конкурс халықаралық тәжірибеге сай, «ашық көрме» үлгісінде өткізілді. Конкурстың республикалық кезеңіне өткен 33-оқушыдан 4 оқушы күміс, 4 оқушы қола медаль иеленіп, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің дипломдарымен марапатталды.