ҒАЛЫМ ҰСТАЗДЫҢ МЕРЕЙЛІ ЖАСЫ

Жаратылыстану-география факультетінің ардагер ұстазы география ғылымдарының кандидаты, доцент Терещенко Татьяна Александровна мерейлі 70-жасқа толып отыр. Осыған орай туған күн иесін Университет басқарма төрағасы-ректоры, б.ғ.к., профессор Нұрлан Хабибуллович Серғалиев қабылдап, шын жүректен құттықтап, иығына қазақи камзол жапты. Терещенко Татьяна Александровна 1954 жылы 20 ақпанда Шымкент облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылында, ауыл зиялыларының отбасында дүниеге келген. 1972 жылы Педагогикалық училищені үздік бітіріп, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1977 жылы А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетінің экономикалық география және географияны оқыту әдістемесі кафедрасына жұмысқа келеді. 1980 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің КСРО экономикалық география кафедрасының жанынан аспирантурағ түседі. 1984 жылы ММУ мамандандырылған ғылыми кеңесінде «Оңтүстік Қазақстан өнеркәсібінде кадрлар қалыптастырудың экономикалық және географиялық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2014 жылы жоғары білім жүйесіндегі табысты жұмысы үшін БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ медалімен марапатталды. 2014 жылы «2014 жылдың ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.


Print