Қазан айының 14ші жұлдызында Жаратылыстану-география факультетінің 1-4 курс студенттері арасында «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында арнайы кездесу өткізілді. Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп». Дөңгелек үстелге БҚО Дін істері басқармасының теолог-маманы Наурыз Ибатұлы қатынасып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Түсіндіру жұмыстары барысында, діни мамандар студенттерге статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, діни экстремизмнен зардап шеккен жандардың жалпы санын атап өтті,Студенттер діни сауаттылық және терроризм туралы толық ақпарат алды.